RU
Толық нұсқаға өту

Баянауылда туризм түлеп келеді

07.01.2026, 17:50 297

Павлодар облысында туризмді дамыту бағытында түрлі жобалар қолға алынды. Баянауыл ауданында демалушыларға барлық ақпаратты бір жерден ұсынатын сапар-орталығы мен шолу алаңы салынып жатыр. Енді туристер осы маңызды нысандарға аялдап, өңірдің тарихы мен табиғи ерекшеліктері туралы жан-жақты мағлұмат ала алады.

Баянауылға саяхаттап келушілер саны жылдан жылға артып келеді. Жаз мезгілінде ауданға шамамен 200 мыңға жуық турист келсе, қыстыгүні Мырзашоқы тау-шаңғы кешенінде 15 мыңдай адам тынығады. Жыл бойғы туризмді дамыту мақсатында 2025 жылы бірнеше туристік нысанның іргетасы  қаланды. Солардың бірі – сапар орталығы.

Әділет Серік, Баянауыл ауданы экономиканың нақты секторы бөлімінің бас маманы: 

- Қазір нысанның іргетасы толық қаланып бітті. Абаттандыру және  ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Сапар орталығында өлкетану музейі және мәжіліс залы орналасады.

 Туристік кешендер негізінен Жасыбай демалыс аймағында шоғырланған. Көлге түсетін жүктемені азайту мақсатында жаңа жобалар қолға алынды. Соның нәтижесінде жаңа жағажай және табиғатты тамашалауға арналған шолу алаңы бой көтерді. 

Фархат Дәрібаев, Баянауыл ауылдық округінің әкімі:

- Баянауыл ауылының Сабындыкөл көлінің жағасында 2025 жылы абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Облыстық бюджеттен 623 миллион теңге  қаражат бөлінді. Ол жұмыстардың ішіне жаяу жүргізушілерге арналған қашықтығы 1 200 метрді құрайтын террассалық тақтайша орнатылды. Екі заманауи санитарлық-гигиеналық тораб орнатылды. 19 бейнебақылау камерасы, 24 жарықшам, күннен қорғайтын ағаш зонттар мен шезлонгтар қойылды. 

Жаңа жобалар баянауылдықтар үшін де тиімді болады. Фудкорттар ашылып, сауда павильондары орнатылады. Бұл жергілікті тұрғындарға кәсіппен айналысуға мүмкіндік береді.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Марат Игіліков

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz