RU
Толық нұсқаға өту

IT өнімдер нарығы кеңейіп жатыр

08.01.2026, 07:40 281

Биыл елдегі ІТ қызметтер экспортын 1 млрд долларға жеткізу керек. Бұл Президент жүктеген міндет. Бұл орайда Отандық стартаперлердің әлеуеті қандай? Қазақстандық жобаларға қаншалықты сұраныс бар?

Отандық ІТ мамандар қоғамға пайдалы, әлеуеті зор жобаларын ұсынып жүр. Көбі шетелде қызығушылыққа ие. Демек инфрақұрылымды жетілдіріп, бәсекеге қабілетті буын тәрбиелеу қажет. Қазірдің өзінде Қазақстан сыртқы нарыққа шамамен 1 млрд доллардың ай ти өнімін сатты.

Жаслан Мәдиев, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі:

- Бүгінде ІТ экспорт пен Astana Hub резиденттерінің табысы артып жатыр. Резиденттердің табысы 800 млрд теңгеден асса, өнімдерінің экспорты 1 млрд долларға жетуі керек. Мемлекет басшысы бұл міндетті 2026 жылға қойып ед. Біз 2025-те орындап қойдық. 

Иә, отандық айти жобалардың көбі Astana Hub алаңында пайда болады. Мұнда 1900-ден астам IT-компания тіркелген. Оның басым бөлігі қазақстандыкі. 500-ге тарта қатысушы өз өнімі мен қызметін экспортқа шығарып отыр. Оның жартысы жергілікті компаниялар.

Ақжол Замбаев, Weglobal AI жобасының директоры:

- Мықты-мықты стартаптар дамып жатыр. Higgsfield сияқты млрд доллардан асқан стартап бар. Олар Америкаға, шетелге сатып жатыр. Басқа да стартаптар бар олардың разработчиктері Қазақстанда орналасқан болуы мүмкін. Сату бөлімі ғана шетелде болады да.

Астана хаб АҚШ, Ұлыбритания, БАӘ, Қытайда инновациялық хабтар құрған. Осылайша отандық айти компаниялардың жаһандық нарықтағы беделін арттыруға көмектесіп жатыр.

Авторы: Мерей Мұратханқызы

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz