RU
Толық нұсқаға өту

Дәрігерлердің жалақысы көтеріледі

08.01.2026, 11:20 392

Биыл медицина қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі және оларды құқықтық қорғау күшейеді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, кейінгі жылдары салаға жұмсалатын мемлекеттік шығындар үш есеге жуық өсті. Ал былтыр 3 трлн теңгеге жетті. Соның арқасында медициналық көмектің көлемі ұлғайып, инфрақұрылымды жаңғыртуға және медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша басталған ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту жобасы аяқталуға жақын. Қазірдің өзінде ауылдарда 650-ден астам медициналық нысан қолданысқа берілді. Медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілеріне қатысты зорлық-зомбылық үшін жеке қылмыстық жауапкершілік енгізіліп жатыр. Сондай-ақ дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру тетігі іске қосылды. Әлеуметтік қолдау шараларының арқасында дәрігер тапшылығы 19%-ға, орта медициналық персонал 7%-ға, ауылдық жерлерде 16%-ға төмендеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz