«Алматы – Бішкек» автожолында көлік аударылып, 3 адам қаза тапты. Оның екеуі шетел азаматы. Полиция дерегінше, Toyota Alphard маркалы автокөліктің 33 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көлік құралын аударып алған.
Жүргізуші оқиға орнында жан тапсырды. Көлікте болған 5 Үндістан азаматының екеуі де ауруханада көз жұмды. Қалған үшеуі жарақат алды. Айта кетейік, 5 шетелдік азаматтың 4-і Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенті. Ал 1 адам елге саяхаттап келген турист.
Мұрат Қалиасқаров, Алматы облысы ПД ӘПБ бастығы:
- Жүргізуші рөлді басқара алмай, көлік құралын аударып алған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Тағы екі жолаушы медициналық мекемеде көз жұмды, ал тағы үшеуі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта орын алған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Алматы #Бішкек #жол апатыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz