RU
Толық нұсқаға өту

Былтыр сыбайлас жемқорлыққа қатысты 1052 қылмыстық іс қозғалды – ҰҚК

08.01.2026, 17:18 248

Былтыр сыбайлас жемқорлыққа қатысты мыңнан аса қылмыстық іс қозғалды.

Оның 969-ның тергеуі аяқталып, 860-ы сотқа жолданды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. 895 адамның заңсыз әрекетінің жолы кесілген. Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі пара алу және бюджет қаражатын ұрлауға қатысты. Күштік құрылымдар қызметінің нәтижесінде ел бюджетіне 16 млрд теңге қайтарылды. Құны 3,3 млрд теңге болатын мүлікке тыйым салынды. Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 61 адамға 24 млн теңге сыйақы берілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz