Ғалымдар сапалы жол салуға атсалысады. Алматыда Қазақстандағы алғашқы Көлік ғылымдары мен технологиялары институты ашылды.
Университеттердің бірінде орналасатын орталық Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының басқаруымен жұмыс істейді. Ел экономикасы үшін көлік-логистика саласын дамыту және тауар транзитін ұлғайту маңызды. Жаңа құрылған институт - инфрақұрылымының беріктігі мен сенімділігін арттыруға, көлік жүйесін тиімді басқаруға, инновациялық материалдар мен технологияларды әзірлеуге көмектеседі. Жуырда «Түркістан» газетіне берген сұхбатында Мемлекет басшысы осы міндеттерді іске асыру үшін саланы заманауи ғылыммен қамтамасыз ету қажеттігін атап өткен еді.
Ақылбек Күрішбаев, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті:
- Бізде екі емес, алты табиғи зона болу керек екенін ғалымдар айтады. Сол әрбір зонаның автомобиль жолдарын салғанда өзінің технологиясы болуы керек. Сондықтан қазір біздің жолдардың сапасы қалып тұрғаны да сол. Басынан бастап ғылми технологияны дұрыс анықтауымыз керек. Бұл өте маңызды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #ғалымдар #көлік ғылымдары институты #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz