Еліміздің толыққанды теміржол қаңқасын қалыптастыру жұмыстары жалғасып жатыр.
Былтыр жалпы ұзындығы – 911 шақырым «Достық - Мойынты» және «Алматы айналма жолы» сияқты ірі жобалар аяқталды. Бұл желінің өткізу қабілетін 5 есеге арттыруға және транзиттік тасымалдарды жеделдетуге мүмкіндік берді. Ал биыл "Қызылжар - Мойынты" және "Дарбаза - Мақтаарал" учаскелерінде стратегиялық құрылыс жобалары, сондай-ақ "Алтынкөл - Жетіген" және "Бейнеу - Маңғыстау" бағыттарын жаңғырту жұмыстары аяқталады. Сонымен қатар, Халықаралық көлік дәліздері де қарқынды дамып келеді. Олар Транскаспий халықаралық көлік бағыты мен Солтүстік – Оңтүстік бағыттары. Отандық сауда флоты 4 пароммен толықтырылады. Келесі жылы Солтүстік - Оңтүстік дәлізі бойынша елдің батыс өңіріндегі теміржол учаскелерін жаңғырту аяқталады.
Тегтер #Достық Мойынты #темір жол #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz