Елімізде "Орталық-Батыс" күре жолының құрылысы жүріп жатыр.
Президент тапсырмасымен басталған бұл жобаның ел экономикасы үшін маңызы зор. Өйткені ол елдің орталық бөлігін батыс өңірлерімен байланыстырып қана қоймай, Қазақстанды Транскаспий халықаралық көлік бағытына шығарады. Астана мен Ырғызды жалғайтын жаңа автокөлік жолы салынса, қос облыстың арасы 560 шақырымға қысқарады. Ал жүк тасымалы 3-4 есеге артады деген болжам бар. Жол құрылысы былтыр Арқалық қаласының шығыс бөлігінен басталған еді. Ауқымды жоба 21 құрылыс учаскесіне бөлінген. Әр аумақтың мердігері анықталып, бекітілді. Бұл жоба елдің көлік инфрақұрылымын дамытып, транзиттік әлеуетін арттырады.
Тегтер #Қазақстан #Орталық Батыс жолы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz