Хакерлер Instagram желісіне тіркелген 17,5 млн адамның жеке дерегін қолды етті.
Бұл туралы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін Malwarebytes америкалық компаниясы хабарлады. Ұрланған мәліметтер арасында желі қолданушыларының аты жөні, тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірлері мен электронды пошта және өзге де ақпарат бар. Notebookcheck порталы қылмыскерлер мұны интернет-алаяқтық мақсатында пайдалануы мүмкін дейді. Сарапшылар мұндай жағдайға тап болмас үшін аккаунтты екі факторлы аутентификация арқылы қорғауға шақырады. Ал Meta корпорациясы оқиғаға қатысты әзірге ақпарат берген жоқ.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #интернет алаяқтық #әлеуметтік желі #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz