RU
Толық нұсқаға өту

Құрылыс саласы цифрландырылады

11.01.2026, 13:40 371

Елде құрылыс саласы цифрландырылады.

Былтыр Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Президент құзырлы мемлекеттік органдар артық шығындарды азайтуға, барлық саланың ашықтығын қамтамасыз етіп, өнімділігін арттыруға арналған тың тәсілдер іздеп тауып, оны қолданысқа енгізіп отыру керегін ескерткен. Биыл Мемлекет басшысының тапсырмалары мен Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясындағы іс-шараларды жүзеге асыру шеңберінде 2026–2027 жылдарға арналған құрылыс саласын цифрландыру жоспары бекітілді. Құжат жоспарлау, жобалау кезеңдерінен бастап, пайдалануға беру, ғимараттарды одан әрі пайдалану үдерістеріне дейінгі барлық деңгейді қамтиды. Бұл шаралар, құрылыс мерзімдері мен шығындарын қысқарту, әкімшілік кедергілерді азайту, құрылыс нысандарының сапасы мен қауіпсіздігін арттыруды көздейді.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz