Елде үш күн аралығында көлігіне жалған мемлекеттік нөмір таққан үш мың жүргізуші анықталды. Көлік прокурлары мен полицейлер және «Қазавтожол» қызметкерлері қазір осы бағытта жедел алдын алу шарасын жүргізіп жатыр.
Жүргізушілер көбіне ақылы жолдан өту, жылдамдықты асыру және жүк көлігіндегі салмақты көрсетпеу үшін құйтырқы әрекетке барады.
Былтыр тұтас ел бойынша 40 мыңнан аса осындай заң бұзушылық әшкереленді.
Жүргізуші осылай айыппұлдан жалтармақ болған. Енді бұл қулығы үшін бір жылға дейін көлік басқару құқығынан айырылады. Тіпті екіден бес тәулікке дейін қамалуы да мүмкін. Ал көлік айып тұрағына қойылады. Полиция қызметкерлері нөмірсіз жүрі, белгілерді жасыру немесе ауыстыру заңға қайшы екенін ескертеді. Ол үшін қатаң жаза қарастырылған.
Айдын Оразбаев, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы:
- «ҚазАвтоЖол»-дың камераларымен біздің патрульдік қызметкерлерге хабарлама беріледі. Осындай камерада, осындай көлік жалған нөмір немесе нөмірсіз өткені бойынша тиісті хабарлама береді. Тиісінше шара қолданамыз. Әкімшілік құқық бұзу кодексінде қарастырылғандай айыппұл салынады немесе жалған нөмірмен басқарғаны үшін әкімшілік қамау қарастырылған. Сондай-ақ бір жылға дейін жүргізуші куәлігінен айыру қарастырылған.
Жүргізушілер нөмірін жасыру арқылы айыппұлдардан жалтаруды әдетке айналдырған. Көбіне жылдамдықты асыратындар мен ақылы жолдарда тегін жүргісі келетіндер әуес. Сонымен қатар, жүкті асыра тиеген көлік жүргізушілері де осындай жүгенсіздікке барады.
Нұрсұлтан Райымбаев, ҚР Бас Көлік прокурорының аға көмекшісі:
- Алдағы жоспарда осы бағытты цифрландыру. «ҚазАвтоЖол»-дың камераларын, полция арнайы бөлімінің цифрландырып, интеграциялап, күнделікті түсіп отыратындай.
8-10 қаңтар күндері өткен жедел-профилактикалық шара нәтижесінде республикалық жолдарда 900-ге жуық жүргізуші куәлігінен айырылды. Ал ел бойынша 300 мыңнан астам заңбұзушылық анықталған.
Авторлары: Серік Селеубайұлы, Досбол Байділдин
Тегтер #Жалған нөмір #көлік #полиция #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz