Шекарадан заңсыз қыруар тауар кіргізіп, 100 млн теңгеден астам қаржыны қалтаға басқан топ ұсталды. Заңды белден басқандар Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік кіріс департаменті басшыларының бірі мен Астана қаласының тұрғыны.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің хабарлауынша, күдіктілер тауарларды кеденнен кедергісіз кіргізу үшін шетелдік азаматтарға көмек көрсетіп келген. Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі екі млрд теңгеге жуықтайды.
Тегтер #шекара #заңбұзушылық #Заң мен тәртіп #жолPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz