Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданының Майбалық ауылында өрттен әкелі-балалы үш адам көз жұмды. Өрт сөндірушілер келгенше, қамыстан салынған жер үй түгел жанып, төбесі опырылып ортасына түскен.
Іздестіру шаралары кезінде үйінді астынан 37 жастағы ер адам мен оның балаларының денесі табылды. Ал үйден шығып үлгерген анасына психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Қазір оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды. Қызыл жалынның нақты неден шыққаны әлі белгісіз.
Әділ Спаев, облыстық ТЖД басқармасы бастығының орынбасары:
- Өрт сөндіру кезінде ер адам мен тағы бір баланың денесі табылды. Бүгін сағат 11:52-де 2024 жылы туған баланың денесі табылды. Өрттің себептері мен жағдайы анықталуда. Арнайы топтық құрамы қызметкерлері жұмылдырылған.
Тегтер #СҚО #өрт #қаза тапқандарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz