RU
Толық нұсқаға өту

LRT жүйесіне қызметкерлер қабылдау басталды

12.01.2026, 15:50 255

Астанадағы LRT жүйесін басқарушы компания жұмысшылар мен қызметкерлерді қабылдауды бастады.

Мекеме жұмысшыларды өз есебінен оқытуды жоспарлап отыр. Оқу Астанада өтіп, 4 айға дейін созылады. Үміткерлерден техникалық білім мен 1-3 жылға дейін еңбек өтілі талап етіледі. Қазіргі уақытта компания пойыз машинистері, станция кезекшілері, қауіпсіздік менеджерлері және жылжымалы құрамды жөндеу, байланыс жүйелері, мүлікті басқару, электр-механикалық бағыттар бойынша бірнеше бос жұмыс орындарын ұсынады. Айта кетейік, түйіндемелер ресми сайт арқылы қабылданады.

LRT жүйесіне маман қабылдау басталды

Ғимараттар мен күзет аймағын күтіп ұстау қызметі:

ғимараттар мен қорғау аймағын күтіп ұстау менеджері

күзетілетін аумақтың аға инспекторы

ғимараттарды жөндеу шебері

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі:

техникалық жүйелер менеджері

сапа менеджері

өрт қауіпсіздігі жөніндегі менеджер

Мүлікті басқару бөлімі:

қойма менеджері

әкімшілік басқару менеджері

қойма шаруашылығы технигі

Кешенді басқару бөлімі:

бөлім басшысы

кешенді және оқу басқармасының менеджері

өндіріс менеджері

экономика менеджері

әкімшілік басқару менеджері

әкімшілік-шаруашылық жөніндегі менеджер

нысандар мен жабдықтарды басқару менеджері

станция ауысымының басшысы

станция кезекшісі

қауіпсіздік менеджері

сапа менеджері

өндіріс диспетчері

Жылжымалы құрамды жөндеу бөлімі:

өндіріс диспетчері

техникалық тексеру және ағымдағы жөндеу слесары

жоспарлы жөндеу слесары

жабдықтарды жөндеу слесары

Пойыз бригадалары бөлімі:

қозғалыс менеджері

жол техникасының аға машинисі

жол техникасының машинисі

Басқару және байланыс жүйелері қызметі:

қауіпсіздік менеджері

байланыс шебері

дабыл жүйесі шебері

дабыл жүйесі технигі

Электрлік-механикалық қызмет:

жөндеу шебері

жөндеу слесары

Электрлік жөндеу қызметі:

энергетик

электр монтері

Жолдар мен құрылысжайларды пайдалану қызметі:

жол монтері

көпір желісі монтері

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz