LRT желісіне жылда жаңа станция қосып, қаланың басқа аудандарына баратын бағыттарды дамыту керек.
Астана қаласының бас жоспарын жасаған, Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі Серік Рүстембеков осылай дейді. Оның айтуынша, әуежайдан жаңа вокзалға баратын бағыт қала көшелеріндегі көлік жүктемесін толқ азайта алмайды. Мәселені қосымша бағыттар арқылы шешу керек. мысалы екі вокзалдың арасы, сол жағалау мен оң жағалаудың бірнеше нүктесі жеңіл рельсті көлік желісімен жалғанса кептеліс азайып, азаматтар қоғамдық көліктің игілігін көре бастайды. Сонымен қатар қаланың қарқынды дамып келе жатқан батыс бағытын да LRT-ға қосу керек, - дейді маман.
Серік Рүстембеков, Қазақстанның Еңбек сіңірген сәулетшісі:
- Мәскеудің метросын көрдіңіз бе? Жылына он шақты станциялар қосып, Мәскеудің төңірегінің бәрін қаланың орталығымен жақсы байланыстырып отыр. Бізге де сондай жағдай жасау керек. LRT-ны дамыту керек. Ал енді тек қана сол жағалаумен шектеу дұрыс емес. Оң жағалауды да LRT-ға қосу керек. Оның маршрутын, қай жерден өтетінін талқылау керек. Зерттеу керек.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Астана #ЛРТPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz