Биылдан бастап автокөлік салығы жаңа ережемен есептеледі. Зауыттан шыққанына 10 жылдан асқан көлік иелері салықты 30 пайыз аз төлейді.
Ал 20 жылдан асқан темір тұлпарға 50 пайыз жеңілдік жасалады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы субьектілерінің бір жеңіл техникасы бұл міндеттен босатылады. Биыл қазақстандықтар 2025 жылдың салығын төлейді. Сондықтан тұрғындар жаңа ереженің игілігін келесі жылы көреді. Мысалы, Алматы қаласында былтыр 764 мың автокөлік тіркелді. Оларға 22 млрд теңгеге жуық салық есептелген. Оны 1 сәуірге дейін төлеу керек. Болмаса өсімпұл қосылады. Қазір алматылықтардың көлік салығына қарызы 4,3 млрд теңгеге жетіпті. Бір борышкердің берешегі тіпті 22 млн теңгені құрайды. Оны өндіріп алу ісі жеке сот орындаушыларына жіберілді.
Қанағат Күлімбаев, қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:
- Бірінші кезекте бұларға хабарлама жібереді. Одан кейін өзінің заңды уақытынан кейін салық бұйрығы шығады. Ол салық бұйрығы да жеке тұлғаларға жіберіледі. Одан кейін барып бұл жеке сот орындаушыларына жіберілетін болады. Әрі қарай жеке сот орындаушылары өздерінің жұмыстарын атқарады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #автокөлік #салық #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz