Жезқазған құс фабрикасының өндірістік қуаты артады. Инвестициялық жоба өңірдің 35 пайызын тауық жұмыртқасымен қамтып отыр.
Ал шаруашылық кеңейтілгенде тәулігіне 150 мың дана жұмыртқа шығарады. Ол үшін фабрика жанынан жаңадан тағы бір цехтың құрылысы жүріп жатыр. Маңызды жобамен аймаққа барған Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев танысты. Заманауи құралдармен жабдықталған шаруашылықта 30 адам жұмыс істейді. 35 мыңнан астам тауық бар. Жаңғыртудан кейін құс санын 200 мыңға дейін арттыру көзделген. Сол кезде шаруашылық өңірді тауық жұмыртқасымен 100 пайыз қамтиды. Мәжіліс депутаты Жезқазғандағы өзге де өндіріс орындарына барды. Мыс қорыту зауыты мен тігін фабрикасының жұмысшыларымен кездесті.
Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Негізгі мақсатымыз қазір экономикамызда болып жатқан өзгерістермен танысу. Біз енді Парламентте осы экономикаға байланысты бірнеше маңызды заңдарды қабылдадық. Сол заңдардың біздің экономикамызға әсері қандай екен, нәтижелі бола ма жоқ па? Басқа да осындай өндірістермен танысып жүрміз және де әрі қарай заң шығару жұмысымызға тиісті ақпарат алып отырмыз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Жезқазған #құс фабрикасыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz