Ақмола облысында инклюзивті білім беру саласына маман жетіспейді. Өңірде ерекше білім беруді қажет ететін 13 мыңға жуық бала бар.
Бұл мәселе Көкшетаудағы аутизмге арналған орталыққа барған Мәжіліс депутаттарымен кездесуде айтылды. Орталық 30 орынға есептелген. Дегенмен мамандардың мүмкіндігіне қарай 50 балаға дейін қабылдай алады. Емдік-оңалту шаралары 3 айлық курс форматында ұйымдастырылады. Депутаттардың мәліметінше, облыс бойынша мыңға жуық балаға аутизм диагнозы қойылған. Осыған байланысты аймақта мұндай орталық санын көбейту және қаржыландыру көзін ұлғайту қажеттігі айтылды. Халық қалаулылары аталған мәселелерді шешу үшін тиісті ұсыныстар енгізетінін жеткізді.
Наталья Дементьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Осы аутизм орталығы 30 ғана баланы қатиды деп білеміз. Ол өте аз. Өйткені қаңтар айында статистика бойынша үш есе өсті деп ақпарат алдық. Біздің мақсатымыз мемлекет тарапынан қаржыландыруды тағы да қарастыру болып табылады. Сол үшін біз аутизм орталығының мамандарымен келісе отырып, олардан әртүрлі ұсыныстар алып міндетті түрде Үкімет мүшелеріне жеткіземіз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #инклюзивті білім #Ақмола облысыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz