Ақтөбе полицейлері «Маузер» тапаншасын шекарадан заңсыз алып өтпек болған Атырау облысының тұрғынын ұстады.
Соттың шешімімен тапанша облыстық полиция департаментінің мұражайына тапсырылды. «Маузер» маркалы қару 1895 жылдан 1936 жылға дейін Германияда өндірілді. Екінші Дүниежүзілік соғыста қолданыста болған, - дейді мамандар. Тапанша қынабында «1942 жыл» деген жазуы бар. Жаңғақ ағашынан жасалған кобурасы да сол күйі сақталған. Сирек кездесетін «Маузер» бұған дейін тәркіленген тарихи қарулардың қатарына қосылды.
Ерболат Сарқұлов, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Күдікті азамат екі жылға шартты түрде сотталған болатын. Сонымен қатар соттың шешімімен тапанша жойылуға ұйғарым шығарылған. Полиция департаментінің мұражайына табыстауға ұсыныс берген болатынбыз. Сот сол шешімді қолдап тапаншаны Ақтөбе облысы ПД музейіне табыстауға шешім шығарды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Ақтөбе #музейPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz