Бүгін сағат 19.00-ден бастап enpf-otbasy.kz платформасында бірыңғай зейнетақы жинақтары есебінен емделуге өтінімдер қабылдау тоқтатылды.
Бұл туралы Отбасы банк сайтында жариялады. Банк, Денсаулық сақтау министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, зейнетақы жинағы есебінен медициналық қызметтерді алуға қойылатын талаптарды қайта қарайды. Сондай-ақ, жинақталған қаржыны мақсатсыз пайдаланудың жолын кесу үшін ақпараттық жүйелерді ыҚпалдастыру тетіктерін пысықтайды. Емдеуге өтінімдерді қабылдауды қайта бастау, талаптарды түзету аяқталғаннан кейін қосымша хабарланады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #зейнетақы #Отбасы банкPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz