«Жасанды интеллект зорлық-зомбылыққа қарсы».
Осындай атаумен Павлодар облысындағы психоневрологиялық ауруға шалдыққан балаларға әлеуметтік қызмет көрсететін мекемеде жаңа жоба іске қосылған. Облыстық прокуратураның бастамасымен қолға алынған жобаға сәйкес, аталмыш ғимараттағы бейнебақылау камераларына қызметкерлер мен тәрбиенушілердің мінез-құлқын бағалап, агрессия белгілерін анықтайтын жүйе енгізілген. Соның арқасында жасанды интеллект былтыр желтоқсан айының соңында облыстық психоневрологиялық орталығында аутизмге шалдыққан 13 жастағы баланы күзетшінің ұрып соққан сәтін таспалап үлгірген. Қазір енді бұл бойынша Қылмыстық кодекстің 109-1 бабымен сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ресми дерекке сүйенсек, жоба іске қосылған сәттен бері балаларды ұрып соғу дерегі осымен екінші мәрте тіркеліп отыр. Бұған дейінгі оқиғаға байланысты орталықтың санитары жұмыстан босатылып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Тегтер #жасанды интеллект жылы #аутизм #24KZ #агрессия #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz