Былтырғы суару маусымында суды заңсыз пайдалану дерегі 2,5 есе артты. Құзырлы ведомствоның мәліметінше, 2024 жылы осындай 221 жағдай тіркелсе, 2025 жылы 526 факті анықталған.
Ереже бұзғандардан былтыр 146 млн теңгеден астам қаржы өндірілді. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, суды үнемдеу мақсатында тиісті шаралар енгізіледі. Сарапшылардың болжамынша, алдағы вегетациялық маусым кезінде оңтүстік өңірлердегі өзен-суларға жететін су көлемі айтарлықтай азаюы мүмкін. Сол себепті, суды мейлінше үнемдеп-жарату мемлекеттік деңгейдегі маңызды міндет. Осы ретте құзырлы ведомство су ресурстарын заңсыз пайдалануға қарсы жұмыс тобы құру бастамасын көтерген. Бүгінде Бас прокуратурамен бірлескен жұмыс жоспары құрылған.
Нұржан Нұржігітов – ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:
- Егер тұтынушы келісімшартсыз суды пайдаланар болса, оған тариф бағасынан екі есе айыппұл салынады. Ал ауыл шаруашылық өнімін өндіруші бір дақыл бойынша келісімге отырғанымен, басқа дақылды ексе,- онда су тарифінен 1,5 есе артық мөлшерде айыппұл төлеуге тиіс. 2025 жылы осындай деректер анықталған. Келісімге отырмау бойынша 57 заң бұзу дерегі, және шаруалардың басқа дақылды суарудың 169 дерегі тіркелген.
Тегтер #су #заңсыз #жұмыс тобы #Таңдаулы #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz