Шұғыл ақпарат. Павлодарда магистральды су құбыры жарылып, бірнеше көшені су басты. Көлік қозғалысы қиындап, адамдардың жүруіне қолайсыздық туындады.
Толстой мен Мәшһүр Жүсіп атындағы көшелердің қиылысында диаметрі 500 мм болатын құбыр жарылған. Коммуналдық мекеме жұмысшылары апат болған аумақты қоршап, жайылған суды сорғызып жатыр. Бұл жұмысқа 12 адам және 9 арнайы техника жұмылдырылды. Сонымен қатар көктайғаққа қарсы шаралар қолға алынды. Мамандардың айтуынша, бастысы – тұрғын үйлерді сумен қамтамасыз етуде кедергі жоқ.
Мақпал Қаржаубай, қала әкімінің баспасөз хатшысы:
- Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтер тарапынан апаттық учаскеде зақымдануды жою және суды сорып шығару жұмысы жүргізілуде. Сондай-ақ тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тазалау және көктайғаққа қарсы іс-шаралар атқарылуда.
Тегтер #Павлодар #құбыр #көше #су басуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz