RU
Толық нұсқаға өту

ШҚО-да жедел жәрдем көліктері берілді

13.01.2026, 21:01 256

Шығыс Қазақстан облысында жедел жәрдем қызметінің автопаркі 36 жаңа көлікпен толықты. Су жаңа көліктер, медициналық көмекке қажетті барлық құрылғымен жабдықталған. 

Арнайы көліктер қала мен аудандарға, шалғай ауылдық елді мекендерге беріледі. Жаңарған автопарк арқасында, жедел жәрдем бригадалары оқиға орнына жылдам жетіп, шұғыл медициналық көмек беруге мүмкіндік алып отыр. Аймақтағы жедел жәрдем автопаркі соңғы рет бес жыл бұрын жаңартылған. Қазіргі уақытта облыста күн сайын 60 бригада тынымсыз жұмыс істейді. 

Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

- Авиация жұмысын да ерекше атап өткім келеді. Өйткені бірнеше ондаған рет біздің вертолет арқылы осы авиация қызметкерлері шалғайдағы жерлерге барып дер кезінде операцияға дейін сол жерде жасап немесе сол пациенттерді ауруларды уақытылы Өскемен қаласына алып келіп өмірлерін сақтап қалған жайттар өте көп.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz