Атырау облысында 200 шақырымға жуық электр желісі жаңартылды. Былтыр облыстық бюджеттен 6,5 млрд теңге қаражат бөлініп, апаттық жағдайлардың алдын алуға арналған кешенді жоба жасақталған еді.
Нәтижесінде 192 шақырым электр желісі ауыстырылып, жаңғыртылды. Атап айтқанда, Атырау қаласының 2 ықшам ауданына ұзындығы 66 шақырым болатын ескі электр желісі сыртқы әсерлерге төзімді полиэтиленмен қапталған кабельмен алмыстырылды. Сондай-ақ Құрманғазы, Исатай және Жылыой аудандарының 7 елді мекенінде тарнсформаторлар мен электр бағандары жаңартылды. Жалпы, Атырау облысы бойынша 16 мың 700 шақырымға жуық электр желісі бар. Олардың тозу деңгейі 67 пайыз. Сондықтан жоба алдағы 2028 жылға дейін жалғасады.
Динара Қуанышева, облыстық Энергетика және ТКШ Басқармасы басшысының орынбасары:
- 2026 жылға Атырау қаласында 162 шақырым болатын жерасты кабель желісі жүргізілетін болады. Жанбай, Өркен, ауылдарында жаңадан қосалқы станса орнату үшін жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталуда. Алдағы жылдарда Құрманғазы ауданы Азғыр аймағында ұзындығы 205 шақырым болатын 110 киловольттық жоғарғы кернеулі электр желісі жүргізілетін болады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Атырау #электр желісіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz