Жетісу облысында жасанды интеллектіні алаяқтыққа пайдаланған жасөспірімдер анықталды.
Кәмелетке толмаған үш тұрғын арнайы технологияның көмегімен банктік чектерді қолдан жасап, саудагерлерді сан соқтырған. Кәсіпкерлер шотқа ақша түспегенін байқап, құзырлы органдарға шағымданған. Қазір аталған іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Мамандар азаматтарды барынша қырағы болуға үндейді. Жетісу облысының прокуратурасы кәсіпкерлерді сақ болуға және кез келген төлемді банктің ресми қосымшасы арқылы тексеруге шақырады.
Жанар Калыкова, Жетісу облысы ПД баспасөз хатшысы:
- Қаратау ауданының полиция қызметкерлері 3 күдіктіге қатысты қылмысты сотқа жолдады. Олар қылмыс жасаған кезде 18, 17 және 16 жаста болған. Тергеу барысында күдіктілер алдын ала сөз байласып, топ болып, әрекет еткені анықталды. Бірнеше сауда нысанына 80 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірілген. Қазіргі уақтта іс сотқа жолданып, күдіктілердің әркетіне баға беріледі.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Жетісу #жасанды интеллект #алаяқтықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz