Елдегі екінші атом электр станциясын салуға қатысты шешім биыл жария болуы мүмкін.
Ол ел үшін стратегиялық маңызды шешім болмақ. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов мәлімдеді. Оның пікірінше, Қазақстандағы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ең алдымен қуат тапшылығы мәселесін тұтас ел болып біржақты ету керек. Осы ретте энергетика министрлігі атом энергетикасынан бөлек, жаңартылатын энергия көздерінен де алынатын қуат мөлшерін арттыруды көздеп отыр. Өйткені бүгінде үкімет елде жетіспейтін энергия орнын толтыру үшін Ресей, Өзбекстан мен Қырғызстаннан 3-4 млрд киловат-сағат көлеміндегі электр қуатын импорттауға мәжбүр. Айта кетейік, Балқашта салынатын атом электр станциясы 2,4 млн киловат-сағат көлеміндегі энергия өндіретін болады. Яғни ол жетіспейтін энергияның 2 пайызын ғана өтемек.
Дүйсенбай Тұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Сондықтан түбегейлі АЭС-тың құрылысы тапшылықты шешпейді. Бірақ ол қазіргі таңда мәселе ғой. Дегенмен құрылыс он шақты жылға созылады, 2035 жылға дейін. Біздің тұтыну көлеміміз жыл сайын 5-6 пайызға өсіп жатыр. Сондықтан сол кезде Энергетика министрлігінің болжамды жоспары бойынша, 26 гиговаттт жаңа энергия көздері іске қосылады деген жоспарлары бар. Соның ішінде АЭС де бар.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АЭС #ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz