Елдегі электр қуатының теңгеріміне жеке тоқталсақ.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, былтыр 9 айында елде 90 млрд киловат·сағаты көлемінде энергия өндірілген. Оның ішінде 1,6 млрд киловат·сағаты Ресейден импортталыпты. Кей жағдайда Қазақстан да электр қуатын сыртқа саудалаған. Атап айтсақ, былтыр қыркүйек айына дейін 3,3 млрд кВт·сағаты көрші мемлекеттерге жіберіліпті.
Энергия дефициті
Энергетика министрлігі 2031 жылға дейін елдегі электр қуатына деген сұраныс пен өндіріс көлемін болжам жасады. Экрандағы кестеде жыл сайынғы энергияға деген сұраныс пен өндіріс көлемі келтірілген. Ресми мәліметтерге сәйкес, биылғы сұраныс 22 мың 344 мегаватқа жетуі мүмкін. Оның 19 мың 978 мегаватын елде өндірілетін қуат есебінен өтеуге болады. Сондағы тапшылық 2366 мегаватты құрайды. Сол сияқты 2027 жылы энергия тапшылығы 2600-ден асса, 2028 жылы – 2400 мегаватт деңгейінде болмақ. Үш жылдан кейін – 2385, ал 2030-шы жылға қарай 3,5 мың мегаваттан асады. 2031 жылы тапшылық 4800 мегаваттқа жетіп қалуы мүмкін.
Энергия үлесі
Енді Қазақстандағы энергия көздерінің үлесіне үңіліп көрсек. Мына кестеден көріп тұрғандарыңыздай, елдегі энергия қуатының 70 пайызы көмірдің үлесінде. Үштен бір бөлігі газ, 10 пайыздағы гидроэлектр сатнцияларынан алынады. Жел энергиясы 3-4 пайыз, күн 1-2 пайыз, өзге де баламалы энергия көздерінің үлесі бір пайызға жетер-жетпес шамасында.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #электр энергиясы #қуатPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz