RU
Толық нұсқаға өту

Павлодар облысында үй өртеніп, екі бала қаза тапты

15.01.2026, 17:10 229

Павлодар облысының Ертіс ауылында жеке тұрғын үйде шыққан өрт екі баланың өмірін қиды.

Төтенше жағдайлар департаментінің «101» қызметіне өрт туралы хабарлама сағат 8:36-да түскен. Оқиға орнына үш минут ішінде жеткен өрт сөндірушілер бірден құтқару жұмыстарына кірісті. Нәтижесінде үш бала қауіпсіз жерге шығарылды, тағы біреуі өз күшімен эвакуацияланған. Алайда екі бала ауруханада көз жұмды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Ал аман қалған екі жасөспірім облыстық ауруханаға жеткізілді.

Берік Омаров, облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқарма бастығының орынбасары:

- Өкінішке қарай бала ауруханада қайтыс болды. Өрт 50 шаршы метр аумақта жойылды. Өрттің себебі анықталуда. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды ескертеді. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Электр сымдары мен жылыту аспаптарының жарамдылығын бақылаңыз.Сондай-ақ тұрғын үйлерде автономды өрт хабарлағыштарын орнатуға шақырады.

Алмагүл Бесембинова, санавиация меңгерушісі:

- Бүгін бізге екі балаға шақырту түсті. Шұғыл түрде бригада жібердік. Жедел жәрдем өте жылдам жетті. Қазіргі уақытта балалар облыс орталығындағы балалар ауруханасына жеткізілді. Өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдайлары тұрақты ауыр күйде.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz