RU
Толық нұсқаға өту

Экономикалық патриотизм – отандық өндірісті қолдаудың алғышарты

15.01.2026, 17:40 215

Елде жылма-жыл отандық өнімнің үлесі артып келеді. Қазақстандықтар да негізінен жергілікті тауарларға таңдау жасайды.

Бұл туралы бүгін БАҚ өкілдерімен кездесуде Назарбаев университеті жанындағы Ұлттық талдау орталығының мамандары айтты. Қазір дамыған елдердің бәрі ішкі нарықты қорғап-қолдауға басымдық беріп отыр. Қазақстан да бұл қатарда бар. Қазіргі таңда экономикалық патриотизмді дамытуға үкімет жан-жақты қолдау көрсетіп отыр. Өз кезегінде, отандық өндірушілер ішкі қажеттіліктерді қанағаттандырып, экспортқа да қажетті көлемде тауар шығарып отыр.

Жансая Оралбекова, Орталық Азия бойынша Мемлекеттік басқару және мінез-құлыққа негізделген Мемлекеттік саясат орталығының Мінез-құлық зерттеулерінің зерттеушісі-сарапшысы:

- Мысалы, Үкімет жарлығы бойынша супермаркеттерде қазақстандық өнімдердің 30 пайызы міндетті түрде болу керек. Бірақ кейбір тауарлар Қазақстанда толық өндірілмегендіктен сол 30 пайызға толмай қалуы бізге қиын. Сұраныс жоқ деп ойлайды, бірақ кей кезде соны шығаратын адамдардың өздері жоқ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz