Әлеуметтік желілерде агрессивті сипаттағы жарнамаларға тыйым салатын уақыт жетті.
Блогерлер, инфлюенсер, басқа да танымал тұлғалар арқылы таралатын ақпараттар азаматтардың қаржысына ғана емес, денсаулығына да әсер етіп отыр. Сенат отырысында Геннадий Шиповских тыйым салынған тауарларды, жалған медициналық қызметтер мен инвестициялық жобаларды насихаттайтындарды сынға алды. Сенатор Премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында осы мәселеге назар аударып, күмәнді контент авторларының жауапкершілігін заңнамалық деңгейде қатаңдатуды ұсынды.
Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Мета, тикток және өзге де платформалармен бірлесіп Қазақстан аумағында тыйым салынған және қоғамға қауіпті жарналамаларды алгоритм арқылы таралуына жол бермеу бойынша нақты келісімдерге қол жеткізу. Екінші әлеуметтік желілерде адамның еркінен тыс есірткі, жезөкшелік, онлайн казино және порнографиялық сипаттағы жарнамалардың автоматты түрде таралуын анықтап, жедел бұғаттайтын нақты бақылау механизміндерін енгізу қажет. Үшінші медициналық білімі жоқ тұлғалардың адам денсаулығына тікелей әсер ететін өнімдерді жарнамаларына шектеу қою.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #әлеуметтік желі #контент #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz