Елді мекендерде 7,5 млн-ға жуық адам өмір сүреді. Ауыл халқы жеке қосалқы шаруашылықты өзін-өзі жұмыспен қамту ғана емес, азық-түлік қауіпсіздігі үшін маңызды деп санайды.
Алайда бұған қатысты жеке заң жоқ. Осылай деген сенатор Сұлтан Дүйсембинов, олардың құқықтық мәртебесін реттеу қажеттігін айтты. Қазір елде ет өнідірісі мен өзге де әлеуметтік маңызы жоғары азық-түлікті қамтитын 1,6 млн-нан астам жеке қосалқы шаруашылық бар. Бірақ тиісті қолдау жоқ, - деді депутат.
Сұлтан Дүйсембинов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Шетел тәжірибесіне қарайтын болсақ, Ресейде жеке қосалқы шаруашылықтары өнімін сатуға құқылы салықтан босталыған және мемлекеттік қолдау тетіктері бар. Белорусьта 2 гектарға дейін жер беріледі, салықтан босатылған, жеңілдетілген несие қарастырылған. Еуропа елдерінде отбасылық ферма қарастырылғане субсидия алады, есептілік жүргізу міндеті болып табылады. Қазақтың болмысы мен тамырын тереңге жайған қасиетті мекені – ауыл. Жеке қосалқы шаруашылықты дамыту жай ғана ауылдық отбасыларды қолдау емес, елдің азық-түлік тәуелсіздігін нығайтудың стратегиялық шарасы болып табылады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Сенат #азықтүлік #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz