RU
Толық нұсқаға өту

Сенаторлар өсімдіктер дүниесіне алаңдаулы

15.01.2026, 21:25 193

Елдегі өсімдіктер дүниесінің жай-күйі алаңдатарлық күйде. Флораны түгендеу және топырақты зерттеу бойынша қолда бар деректердің бәрі әбден ескірген.

Сенат отырысында депутат Сәкен Арубаев осылай деді. Қазір салада бейінді маман тапшылығы байқалады. Ғылыми-өндірістік инфрақұрылымға, зертханалар мен өсімдік ресурстарын қайта өңдеу орталықтарына дем беру қажет. Сенатор сауалын Премьер-министрге жолдап, тиісті деректерді жаңарту үшін Бірыңғай ұлттық ақпараттық жүйе құруды ұсынды. Сәкен Арубаев ширек ғасыр жаңартылмаған гео-ботаникалық мәліметтерді өзектендіру бойынша мемлекеттік бағдарлама әзірлеу керек деді.

Сәкен Арубаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Республикада 90 млн гектардан астам жер эрозияға ұшыраған. Оның ішінде жер эрозиясы 24 млн гектарға жетіп, 11 пайызды қамтып отыр. Өндірістік қалдықтардың жинақталуы да флораның табиғи ареалдарына орасан залал келтіруде. Қазіргі таңда 31,6 млрд тонна қалдық жинақталса, жыл сайын оған тағы 1 млрд тонна қосылуда. Мұндай техногендік жүктеме топырақты улап, өсімдіктердің табиғи таралу аймақтарын қысқартуда.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz