RU
Толық нұсқаға өту

Атом саласының ғылыми базасын дамыту

15.01.2026, 22:10 230

Олжас Бектенов Алматыдағы Ядролық физика институтына барды. Премьер-министр негізгі қондырғылар мен өндірістік алаңдардың жұмысымен танысты.

Институт ядролық реакторлары мен термоядролық қондырғыларға арналған материалдарды сынаумен айналысады. Мұндағы ғалымдар ядролық технологияны өнеркәсіпте, ғылыми зерттеулерде және медицинада қолданады. Сонымен қатар қатерлі ісік ауруларын ерте анықтау мен емдеуге арналған препараттар желісі өндірісін жолға қойды. Жергілікті өнеркәсіптік радиоизотоптар Еуропа, АҚШ және Орталық Азия елдеріне экспортталады. Институт стратегиялық маңызы бар радиоизотоптар өндірісін оқшаулау бойынша инвестициялық жобаларды іске асырып жатыр. Ядролық криминалистика бойынша өңірлік оқу орталығын ашу жоспарда бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz