RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ Иранға қарсы санкцияларды күшейтті

16.01.2026, 14:02 305

Соның ішінде шенеуніктер мен аймақтық полиция бөлімшелерінің басшыларына қатысты шектеулер енгізілді.

Вашингтон оларды Ислам Республикасындағы наразылықтарды басып-жаншуға қатысы бар деп санайды. Тізімде тағы 13 ұйым, дәлірек айтқанда газ және мұнай компаниялары бар. Бұл компаниялар Біріккен Араб Әмірліктері, Иран, Сингапур және Ұлыбританияда тіркелген. АҚШ Қаржы министрлігі санкциялар ирандық күштік құрылымдардың қаржыландыру көздерін шектеуге бағытталғанын атап өтті. Бұл шаралар желтоқсан айының соңынан бері жалғасып келе жатқан жаппай тәртіпсіздіктерге жауап ретінде қабылданды. Human Rights Watch құқық қорғау ұйымының дерегіне сүйенсек, осы уақыт ішінде шамамен 2 мыңға жуық адам қаза тапқан. Қамауға алынғандардың саны 16 мыңнан асады. Алайда интернет байланысының толық болмауына байланысты бұл көрсеткіштер бұдан да жоғары болуы мүмкін. Иранда бір аптадан бері ғаламтор желісі жұмыс істемей тұр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz