Түркістан облысында әкесін өлімші етіп сабаған жігіт 5 жылға сотталды.
Жетісай аудандық соты науқас адамды азаптаған Алмас Садақбаевқа осындай үкім кесті. Оның кінәсі куәлердің сөзімен, аудиобейне материалдармен және сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен толық дәлелденді. Сотталушы жасаған ісін мойындап, өкініш білдіріп, жеңіл жаза тағайындауды сұраған еді. Мемлекеттік айыптаушы болса 6 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады. Судья кінәлінің бұрын сотты болмағанын, және кәмелетке толмаған балаларының бар екенін ескерді. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Айта кетейік, Алмас Садақбаев науқастанып, өздігінен жүріп тұруы қиындаған 70 жастағы әкесін 2020 жылдан бері ұрып соққан. Салдарынан жәбірленушінің денсаулығы тіпті нашарлап кеткен. Кейін сырқатынан көз жұмды.
Мұхтар Жолдасбеков, судья:
- 62-бапқа сәйкес, үкім заңды күшіне енгенге дейінгі күзетпен ұстауда болған уақыты шешілді. Қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленді. Жәбірленуші өтемақы қорына 20АЕК көлемі өндірілді. Мәжбүрлеп өндірілді. Сот сараптамасына жұмсалған қаражат мемлекет пайдасына өндірілді.
Тегтер #Заң мен тәртіп #Түркістан облысы #адам #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz