Алматыда «Ұшқышсыз авиацияны дамыту инновациялық орталығы» ашылды. Оны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Aerial Solutions» серіктестігі бірлесіп құрды.
Мұнда ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқаратын операторлар мен инженерлерді оқытып шығарады. Оған қоса қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізеді. Орталық осылай авиациялық және цифрлық технологияның мүмкіндігін кеңінен қолдануды көздейді. Атап айтқанда, қорғаныс, ауыл шаруашылығы, экология, геодезия, телевидение сияқты салаларға инновацияны енгізуге арналған алаңға айналады. Алдымен арнайы бағыттағы қысқа курстар өтеді. Одан кейін ұзақ мерзімді оқу басталады. Дәріс алу үш жылға жоспарланған. Бір кезеңнің өзінде 100-ден аса адам қабылданады деп көзделіп отыр.
Марғұлан Ибраимов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры:
- Бұған дейін біз машина құрастыру және автоматтандыру және жасанды интеллект цифровизация бағытында екі робот орталығын ашқан болатынбыз. Одан бөлек, осы роботтарды ды қолдану және қосымша өндіріс линияларын пайдалану арқылы Қазақстанда дрондарды жинақтау орталығын қазір ұйымдастырып жатырмыз. Осы орталықтың негізінде мамандарды дайындайды.
Мәулен Мұстафаев, Авиациялық оқу орталығының басшысы:
- Геодезия, картография ауыл шаруашылығы мемлекеттік органдар сияқты мамандар дайындаймыз. Содан кейін осы жылдың қыркүйек айынан бастап 18 жастан мектепті бітіріп келген азаматтарды қабылдай береміз. 18 жастағы мектеп бітіріп келген оқушыларға ол үш жыл уақыт алады. Содан кейін 2 жыл осы орталықтың базасын да оқитын болады.
Тегтер #Алматы #ұшқышсыз авиация #орталық #Таңдаулы
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz