RU
Толық нұсқаға өту

«Ауыл спорт» жобасы үздік деп танылды

16.01.2026, 22:37 298

Тимур Құлыбаевқа қарасты «Halyk» қайырымдылық қорының «Ауыл спорт» жобасы үздік деп танылды. Тиісті марапат Астанада өткен «Халықтың сүйіктісі» ұлттық байқауының қорытынды кешінде табысталды. 

«Halyk» қоры осыдан 10 жыл бұрын құрылған. Содан бері бірқатар маңызды жобаны жүзеге асырып, бұл мақсатқа 100 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлді. Әсіресе спорт нысандарының құрылысы секілді халықтың өмір сүру сапасын жақсартатын әлеуметтік бастамаларға мұрындық болды. Ал бүгінде үздік деп танылған «Ауыл спорт» жобасы – қазір балалар арасындағы спортты дамытуға үлес қосып отыр.

Ғалым Байтұқ – «Халықтың сүйіктісі» ұлттық премиясының ұйымдастырушысы:

- Екінші жыл қатарынан Тимур Құлыбаевтың «Халық» қайырымдылық қоры «Халықтың сүйіктісі» атағымен марапатталып тұр. Енді бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен мәртебе. Себебі бұл халықтың бізге берген зор сенімі мен үлкен бағасы деп ойлаймыз, біздің еңбегіміз бен атқарып жатқан жұмысымызға.

Қор спорттан бөлек, білім-ғылым, мәдениет секілді бірқатар бағыттағы жобаларға қолдау көрсетеді. Сонысымен де «Халықтың сүйіктісі» байқауының ашық дауыс беру платформасында өз аталымы бойынша жеңіске жетті.

Ғалым Байтұқ – «Халықтың сүйіктісі» ұлттық премиясының ұйымдастырушысы:

- Екі кезеңнен сүрінбегендер, үшінші әрі ақтық кезеңге өтеді. Осылайша біздің сайтта дауыс беру арқылы жеңімпаз таңдалады. Олар 2025-ші жылғы азаматтардың көңілінен шыққан «Халықтың сүйіктісі» болады. 

Байқау осымен 15-ші рет ұйымдастырылды. Ал «Halyk» қорының жобалары екінші жыл қатарынан үздік танылып отыр. 

Авторлары: Альмира Оразбай Арман Ақшабаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz