Астанада балаларға арналған үстел теннисі туралы жаңа кітаптың тұсаукесері өтті. Кітап комикс форматында қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді.
Жас оқырмандарды спорт түрінің тарихымен, ойын ережелерімен және отандық спортшылардың қазіргі жетістіктерімен таныстырады. Мақсат балаларды кітап оқуға баулып, спортқа қызығушылығын арттыру. Авторы - журналист Асқар Ағатаев кітапты балалардың қабылдауына жеңіл әрі тартымды етуге тырысқан.
Елсияр Канағатов, Қазақстан үстел теннисі федерациясының вице-президенті:
- Біздің Федерацияның ең маңызды бағыттарының бірі жасөспірімдер мен балалар спортын содан кейін бұрақаралық түрде үстел теннисін дамыту. Ол үшін бір-екі жобаларымыз бар. Мысалы, Ақтөбеде басталған «Үстіл теннисі балабақшадан» деген жоба қазір 5-6 өңірде дамып келеді. Әрбір өңірде соны дамытуға тырысып жатырмыз. Неге десеңіз, кішкентай кезінен бастап үстел теннисін ойнаса, ол ертең жақсы деңгейде спортшы болатыны белгілі. Үстел теннисін өте жас спорт түрі деп айтуға болады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #теннис #кітапPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz