RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде әскерге жарамды 750 мыңнан астам адам бар

17.01.2026, 16:00 376

Елде әскерге жарамды 750 мыңнан астам адам бар.

Жыл сайын оның 250 мыңға жуығы қазақ армиясының қатарына шақырылады. Бірақ барлығы бірдей армияға қабылданбайды. Тек тыңғылық тексерістен өткен 40 мың сарбаз таңдалып алынады. Олар бір жыл бойы түрлі жауынгерлік дағдыларды үйреніп, әскери өмірдің тыныс-тіршілігімен танысады.

Үш жылдың ішінде 120 мыңға жуық жас отан алдындағы борышын өтеді. Оның 42 мыңы былтыр әскерге шақырылып,  қазір қазақ армиясының қатарында қызмет етіп жүр. Олардың қауіпсіздігі жіті қадағаланып, әскердегі өмірі жүйелі ұймдастырылған. 

ЦИТАТА – «Түркістан» газеті: 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті

Әскерде әлімжеттікке, бұзақылыққа, рушылдыққа, жершілдікке орын жоқ, ондай жайттарға жол берілмейді. Мұның бәрін өзім жеке қадағалап отырамын. Мен ахуалды түзеу үшін шұғыл шаралар қабылдау жөнінде бұйрық бердім. Дегенмен, қайғылы оқиғалар әскери бөлімшелердің бәрінде болып жатпағанын атап өткен жөн. Тексеру жұмыстары, жалпы, әскердегі тәртіп қатаң сақталатынын көрсетті. 

Кейінгі жылдары әскери қызметшілерді әлеуметтік  қолдау қарқын алды. Мәселен, Отан алдындағы борышын өтеп жүрген өрендердің банктердегі берешегі уақытша тоқтатылады. Сондай-ақ сарбаздар армиядан кейін оқу орындарында тегін оқуға мүмкіндік алады. Мұндай ілкімді істің игілігін 9 мыңнан астам адам көрді. Сондай-ақ психологиялық көмек жүйелі ұйымдастырылады. 

Арман Қалышев, ҚР ҚМ Тәрбие және идеологиялық жұмысы департаментінің басқарма басшысы:

- Психологтар жаңа жас буынмен, жас солдаттармен жүйелі жұмыс жүргізуде. Мысалы, көктемде шақырылған солдаттардың 900-ы динамикалық бақылау тобына енгізілген. Олармен психологтар жүйелі жұмыс жүргізіп, оларды әскери өмірге, әскери өмірдің талабына бейімделу бойынша психологиялық көмек, психологиялық тренингтер өткізілуде.  

Иә, армия темірдей тәртіпке тәрбиелеп, төзімді шыңдайтын алаң. Мұнда сарбаздар жауынгерлік дағдыларға машықтанып, әскери өмірдің тыныс-тіршілігімен танысады. Ал олардың қауіпсіздігін офицерлер қадағалайды. Қазір әскердегі әлімжеттікті болдырмау үшін цифрландыру ісі ілгерлеп келеді. 

Серғали Әлімқұлов, ҚР ҚМ Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің басқарма басшысы:

- Фитнес білезіктер арқылы олардың денсаулықтары, жүрек соғысы, олардың қан қысамдарының барлығы, орталық компьютер арқылы көрсетіліп отырады. Бұдан бөлек олардың барлық бағытта дамуы, мамандықтар алуы, сондай-ақ кітаптардың оқытылуы, сарбаздардың таңертең ұйқыдан тұрғаннан кешкі жатқанға дейінгі бүкіл өмірі сол компьютерде қаралып отырады. 

Сондай-ақ олардың киім-кешегі, ішіп-жем асы, жатын орыны мемлекеттің мойнында. Айталық биыл, жауынгерлердің тамақтануына бөлінетін қаржының көлемі көбейіп, астың құнарлығы артты. Әскери мәзірде 48 түрлі өнім бар.  

Шернияз Жалғасбекұлы

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz