RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте жаңа көпір ашылды

18.01.2026, 09:05 396

Шымкентте жаңадан салынған жол өткелі ашылды. Бұл нысан Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан көлік жүйесін жаңғырту жобасының бір бөлігі. 

Жаңа көпір аудандарды байланыстырып, жол кептелісін азайтайды және темір жолдың үстінен өтетін мыңдаған жүргізушінің жүрісін жеңілдетеді. 

Кептеліс, күту және уақыт жоғалту – Шымкенттік жүргізушілер үшін енді келмеске кетті. Мегаполистегі Момынов көшесінде жаңа жол өткелі ашылды. Бұл қаланың негізгі инфрақұрылымдық жобаларының бірі. Жоба құны – 8 млрд теңге.

Өмір Қалыбаев, Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және АЖ басқармасы бастығының орынбасары:

- Жалпы қаланың көше жол желісіндегі көліктердің қозғалысын оңтайландыру мақсатында және алдағы уақытта белгілі бір көшелердің қиылысында кептелістер болмауы үшін басқарманың және әкімдіктің тарапынан мәселені шешу үшін біз осындай қажетті аумақтарға көпірлерді салу, жолайырықтарын салу туралы шешім қабылдадық. Мегаполис болғандықтан қалаға келетін көліктердің ағыны болашақта жоғары болады. Сондықтан оны біз алдын ала шешіп отыруымыз керек. 

Шымкент қаласын дамытудың бас жоспарына сәйкес қалада басқа да ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр. А-2 тас жолын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Ол айналма жол ретінде қаладағы кептелістерді азайтады және аудандарды басқа аймақтармен байланыстырады.

Момынов көшесімен қатар Тіленшина көшесінде де осындай өткелі салынып жатыр. Жаңа көпірлер шығыс аудандарды қала орталығымен байланыстырады. Көлік тығынын азайтып, қозғалыс қауіпсіздігін жақсартпақ. 

Осыдан екі жыл бұрын бұл жер Тассай кентінің тұрғындары үшін нағыз сынақ болды. Кенттен қалаға апаратын жалғыз жол темір жолдың үстінен өтеді. Көлік көп, жол тар. Қарбалас сәтте кептеліс 2-3 шақырымға дейін созылды. Ал енді қазір жағдай өзгерді. Кент тұрғындары қалаға заманауи жаңа көпірмен алаңсыз қатынайтын болды.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Катерина Попкова, Нурмахан Мусатов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz