Теңізшевройл зауытында өрт шығып, қызметкерлер эвакуацияланды. Бүгін сағат 10:00 шамасында турбина трансформаторынан от шығып тұтана бастаған.
Салдарынан 500-ге жуық жұмысшы қауіпсіз жерге көшірілді. Төтенше жағдай қызметі өртті дер кезінде өшіріп үлгерді. ҚазМұнайГаздың баспасөз қызметі зардап шеккендер жоқ деп хабарлады. Кейінірек тағы бір трансформаторда өрт шығып, ол да сөндірілді. Қазір себебі анықталып жатыр. Жағдай бақылауда.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Теңізшевройл #өртPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz