RU
Толық нұсқаға өту

Қарағандыда интернет-дүкен арқылы есірткі саудалағандар ұсталды

18.01.2026, 19:25 284

Қарағандыда интернет-дүкен арқылы есірткі саудалағандар ұсталды.

Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 21 және 39 жастағы екі күдікті әйел есірткі қылмысына қарсы арнайы операция барысында қолға түскен. Олардың жымысқы әрекетін әшкерелеген тәртіп сақшылары есірткі заттарымен қатар, ұялы телефондар, таразы мен қаптама материалдарды  тәркіледі. Тергеу барысында күдіктілердің есірткі заттарын таратумен айналысқан интернет-дүкендердің бірінде курьер болып  қызмет атқарғаны анықталды. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz