RU
Толық нұсқаға өту

Ұлттық құрылтай — Ұлы дала құндылығы

19.01.2026, 07:19 406

Жалпыхалықтық сипатқа ие болған Ұлттық құрылтайды қоғам асыға күтеді.

Өйткені әр жиында ел дамуының стратегиялық бағыттары, ұлттық құндылықтар, қоғамдық келісім мен жаңғыру мәселелері кеңінен талқыланып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өткізіліп келе жатқан Ұлттық құрылтай – Ұлы дала дәстүрінің заңды жалғасы. 

Алғашқы Ұлттық құрылтай отырысы Ұлытау облысында өтті. Тарихи тұрғыда маңызды өлкеде ұлттық бірлікті нығайту және реформаларды талқылауға басымдық берілді. Нәтижесінде Республика күні ұлттық мереке ретінде қалпына келтірілді. Парламент құзыры кеңейіп, адам құқықтарын қорғау жүйесі жақсарды. Ал 2023 жылы құрылтай мүшелері Түркістанда бас қосты. Бұл жолы нашақорлыққа қарсы кешенді жоспар қабылданды. 2024 жылғы Атыраудағы жиын "Таза Қазақстан" экологиялық науқанына себеп болды. Сондай-ақ, құмар ойынға қарсы 2024-2026 жылдарға арналған жоспар қабылданды. Былтырғы Ұлттық құрылтай Бурабайда өтті. Онда алғаш рет салық реформасы пысықталды. Ұлттық цифрлық архивтің жол картасы бекітілді, инфрақұрылымдық жобалар ұсынылды.

Ұлттық құрылтай отырыстары: 

2022  – Ұлытауда

2023  – Түркістанда

2024  – Атырауда

2025  – Бурабайда

2026 – Қызылордада

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz