Үкімет Мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын мақұлдады.
Маңызды құжат мал басын өсіруге, өнімділікті арттыруға және экспорттық әлеуетті кеңейтуге бағытталған. Нақтырақ айтсақ, ірі қара мал санын 7,9 млн-нан 12 млн басқа және ұсақ мал санын 20,2 млн-нан 28 млн басқа дейін ұлғайту көзделіп отыр. Сондай-ақ ет өндірісінің 1,2 млн-нан 1,8 млн тоннаға дейін өсуі және оның экспортының 82 мыңнан 165 мың тоннаға дейін екі есе артуы күтілуде. Шалғайдағы шаруаларды дамыту мен жайылымдық инфрақұрылымды қалыптастыруға да баса назар аударылады. Ол үшін қаржыландыру көлемі 50 млрд теңге болатын жылдық мөлшерлемесі 6%-бен бірыңғай жеңілдікті несие беру мүмкіндігі қарастырылмақ. Талқылау жиынында премьер-министр президенттің пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару мәселесі жөніндегі тапсырмаларының орындалуына назар аударды.
Тегтер #мал шаруашылығы #кешенді жоспар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz