Елде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің саны артты. Былтырғы төртінші тоқсандағы қорытындыға сүйенсек, олардың саны 1672-ге жеткен.
Ал 2024 жылы 835 болған. Бүгінде бұл бизнес өкілдеріне мемлекеттен берілетін жеңілдіктер жоқ емес. Яғни енді мүгедектігі бар жандарды жұмыспен қамтып, кәсіп ашамын дегендерге қолдау көрсетіледі. Былтыр Астанада осы іспен айналысатын әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған алғашқы хаб ашылды. «Бұл – Орталық Азияда баламасы жоқ жоба», - дейді сарапшылар. Мұнда әлеуметтік бизнес бастауға ниеттенгенгендер тәжірибелі мамандардан кеңес алып, арнайы оқу курстарынан өте алады.
Тегтер #әлеуметтік кәсіпкерлер #жеңілдік #хабPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz