RU
Толық нұсқаға өту

Теміртауда жылу магистраліндегі апат салдары жойылды

19.01.2026, 19:49 252

Бүгін 39 көпқабатты үй, мектеп пен балабақша бірнеше сағат бойы жылусыз және ыстық сусыз қалған еді. 

Сегізінші ықшамаудан және Отрадный аумағына жылу жеткізетін негізгі желідегі құбыр жарылған болатын. Әкімдіктің мәліметінше, ақау жөндеу көрмеген жылу трассасының бөлігінен анықталды. Соңғы екі жылда бұл магистраль кезең-кезеңімен қалпына келтірілген. Ал қалған 100 метрден астам құбыр биыл жаңартылуы тиіс еді. Қазір жылу желісі қайта қосылды. 

Ринат Қыдырбеков, Теміртау қаласы әкімінің орынбасары:

- Егер  425 шақырым бізде барлық құбырлар бар десек, соның 180 шақырымы бүгінгі күнде 70 пайыздық тозуға жетіп отыр. Енді биыл әртүрлі бюджет есебінен жылу жүйесінің 40 шақырымын жөндеу жоспарланып отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz