Шымкентте алимент төлеуден жалтарған 256 борышкер бес тәулікке дейін қамауға алынды. Олар ұзақ уақыт бойы балаларын асырауға бір тиын төлемеген.
Сот орындаушылары қарызды өндіру үшін бірқатар ата-ананың көлігін айып тұрағына қойып, мүлкін сатуға шығарды. Десе де төлемеудің амалын іздеп, табысын жасыратындар азаймай отыр. Әділет департаменті борышкерлермен түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізеді. Жұмыссыз қалғандарға арнайы бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін ұйымдастырады. Осы уақытқа дейін 306 адам жұмысқа тұрғызылды. Жалпы қалада алимент бойынша сот орындаушылардың өндірісінде 14 мыңға жуық іс бар.
Айнұр Исабекова, қалалық Әділет департаментінің басшысы:
- Осы шаралардан кейін де алимент төлеуден жалтаруды жалғастыратындар бар. Осындай 98 адамды құқық қорғау органдары сотқа қылмыстық істерді өткізіп, оларға қатысты соттың айыптау үкімдері шықты.
Тегтер #алимент #қамауға алу #Шымкент #Таңдаулы
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz