Жамбыл облысында белсенділер эко-лагерь ашуды жоспарлап отыр. Мақсат – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты қорғап, жауапкершілігін арттыруға тәрбиелеу.
Жаңа жоба жайында белсенділер мектеп оқушыларымен кездесуде айтты. Жиында табиғатты аялау, тазалық сақтау жөніндегі түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қоршаған ортаны қорғауда, әрбір адамның жауапкершілігі маңызды екені айтылды. Жалпы былтыр «Таза Қазақстан» акциясына, аймақтың 127 мыңнан аса тұрғыны қатысты. Олардың арасында мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен 3 мыңнан аса кәсіпорын жұмысшылары бар. Экологиялық акция аясында 19 мың тонна, күл-қоқыс шығарылды.
Салтанат Қашағанова, «Байтақ» жасылдар партиясының мүшесі:
- Экология деген ол бір үлкен глобалды масштабты нәрсе деп ойлайтын шығар бала естіген кезде. Десе де балаларға экология деген өзіңнен басталады деп айтқымыз келеді. Тіс тазалаған кезде суды құр босқа ағызып қою немесе пластикалық пакеттерді қолдану. Тәрибе сағаты кезінде интерактив түрінде үйрету, жаман нәрсені пайдалы нәрсені соны көрсете білген өте жөн деп ойлаймын.
Тегтер #Жамбыл облысы #Таза Қазақстан #мектеп #экологияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz