RU
Толық нұсқаға өту

Алматы облысында жас сарбаздар ант берді

19.01.2026, 21:49 276

Ұлттық Ұланның Алматы облысындағы 5571 әскери бөліміне қабылданған 600 жас сарбаз ант берді. Аталған шараға әскери қол-басшылар мен бөлімше ардагерлері, қоғамдық ұйым өкілдері мен сарбаздардың ата-аналары қатысты.

Алдын ала арнайы курстан өтіп, Отан алдындағы борышын өтеуге кіріскен қатардағы жауынгерлердің барлығы енді қоғамдық тәртіпті қадағалауға жұмылдырылады. Олар негізінен Алматы көшелеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. 

Арнұр Нұрғали, қатардағы жауынгер:

- Тараз қаласының тумасымын. Осы Ұлттық Ұланның 5571 әскери бөліміне келгеніме 1,5 айдай уақыт болды. Осы уақытқа дейін көптеген нәрсені үйрендік. Қарумен атуды үйрендік. Әр ер адамның өмірінде осындай бір рет болсын ант қабылдап, қызмет ету керек деген ойдамын. Әр ер азаматтың парызы деп ойлаймын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz